Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!


Аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтерінің әкімдері қызметтерінің тізілімі

Байланыстар:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ
Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы Центральный 2, бұрылысы
байланыс телефоны: 8 715 36 22-6-05
телефон/факс: 8 715 36 22-8-05
сенiм телефоны: 8 715 36 22-8-05
е-mail: akim_tainsha@list.ru
веб-сайт: akim-tainsha.sko.gov.kz

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» КММ Тайынша қаласы тұрғындарының мәлiметiне жеткiзедi:

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 729-бабы 3-тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодекстiң 136 (елдi мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 144 (бiрiншi (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлiгiнде) және екiншi бөлiктерiнде), 146, 147, 172 (бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желiлерiн (магистральдық, орамiшiлiк) пайдалану бөлiгiнде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желiлерi (магистральдық, орамiшiлiк) бөлiгiнде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлiгiнде), 304, 305 (жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) күзет аймақтары бөлiгiнде), 320 (төртiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 339 (елдi мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 386, 408, 409 (сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктерiнде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.


Мемлекеттiк мекеменiң миссиясы, негiзгi мiндеттерi және функциялары

Миссиясы:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабы 1 тармағына сәйкес ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалды-техникалық қызметiн қамтамасыз етедi.

Мiндеттерi:

  1. «Қазақстан Республикасындағы өзiн-өзi басқару және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабы, 1 тармағына қала әкiмiнiң қызметiн қаржылық-шаруашылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету;
  2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, басқа да нормативтi құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргiзу;
  3. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, «Қазақстан Республикасында өзiн-өзi басқару және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауданның, облыс әкiмдерiнiң, жоғары тұрған органдардың және өкiлдердiң өкiмдерiн және шешiмдерiнiң, қаулыларының орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  4. «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 06 сәуiрдегi Заңының талаптарына сәйкес қала әкiмiнiң құқықтық актiлер жобасын әзiрлеу;
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы, 1 тармағы, 2) тармақшасымен, «Заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес азаматтардың шағымдарын, арыздарын, өтiнiштерiн тiркеу және қарастыру.
  6. Әкiмгерi «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» Коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып табылатын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджеттiк Кодексiмен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы, 1 тармағы 4-1) тармақшасымен бюджеттiк бағдарламалар жоспарларын әзiрлеу;
  7. Алғашқы әскерге мiндеттiлердiң, жедел әскери қызметке шақырылатын азаматтардың есебiн жүргiзу, әскери қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери мiндеттер туралы заңдылықтарды сақтау мәселелерi жөнiнде қала әкiмiнiң құзырi шегiнде жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ «Мобилизация және мобилизациялық дайындық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9 бабы 3 тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы өзiн-өзi басқару және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 9) тармақшасымен мобилизация және мобилизациялық дайындық.
  8. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес, қала аумағында тұратын аз қамтылған тұлғаларды анықтауға, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, әлеуметтiк көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабiлетсiз азаматтарға үйде қызмет көрсетудi бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына сәйкес, қала аумағында тұратын мәдениет мекемесiнiң, оқытуды және мектепке дейiнгi ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету;
  10. «Мемлекеттiк қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының, басқа да құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
  11. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  12. Қала тұрғындарының жиындарын өткiзедi, бұл жиындарға төрағалық етедi, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкесолардың шешiмдерiне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етедi.
  13. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару өзiн-өзi басқару басқару» туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған түсiмдерден қорды пайдалану үшiн, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң» 102.1 бабына сәйкес қала әкiмiмен жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша түсiмдерi мен шығындарының жылсайынғы жоспары құрылады.

Функциялары:

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi коммерциялық сипаттағы емес басқару функцияларын жүзеге асыру үшiн құрылған, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Президенттiң басқа нормативтi актiлерiне, сондай-ақ осы Ережемен басқа да функцияларды орындайды.

Тайынша ауданы Тайынша қ. әлеуметтік-экономикалық паспорты (ZIP 208 Kb)

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары

Жаңалықтар

Хабарладыру
12.06.2020

Хабарладыру

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңның 39-3 бап 7, 8-тармақ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 17 маусымда өтеді
03.06.2020

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың есеп беру үшін халықпен кездесуі 17 маусымда өтеді

Кездесу сағат 15.00-де оnline режимінде өтеді: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрлік Facebook және YouTube-те трансляциялау. Құрметті қазақ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, қарым-қатынастарды барынша азайту мақсатында мемлекеттік қызме

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы
19.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің төтенше жағдай режиміндегі жұмысы туралы

Құрметті салық төлеушілер! «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары халықты

Наурыз мейрамы
26.03.2019

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы — Қазақстанда көктемгi жаңару мерекесi. Шығыс күнтiзбесi бойынша Наурыз- жаңа жылдың басы, наурыз күн мен түннiң теңгелген күнi. Қазақтар үшiн бұл мереке

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі